Сан тарапқа жетелей жөнелген өмір жолың түптің түбінде сені туған топырағыңа табан тіретіп, туған жеріңмен қауыштырса және сол кіндік қаның тамған жерде сені аңсай күтіп отырған жандар болса, бұдан артық қандай қуаныш болуы мүмкін. Белгілі теле-радиожурналист Базаркүл Үмбетова таяуда осы қуанышқа молынан кенелді. 35 жыл бойы қолынан микрафоны мен қаламын тастамай келе жатқан ол өзі туып-өскен Теректі ауылында қызығы мен шыжығы араласып жататын қаламгерлік өмір белестерін бедерлеген «Журналист жолы» кітабінің тұсаукесерін өткізуге Астанадан арнайы ат арытып келді. Клубқа біркездері аты дүрілдеп тұрған ірі елді мекеннің жұртын жоқтатпай, ауылдың түтінін түзу ұшырып отырған теректіліктер – Базаркүлдің жанашыр оқырмандары иін тіресе жиналған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *